22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №483

276 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 24 сәуір, Астана қаласы Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 27) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ______________ И. Тасмағамбетов 2015 жылғы 14 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №483 бұйрығымен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 27) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы (бұдан әрі – жобаларға салалық сараптама) жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) ғарыш қызметі саласындағы жоба – ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы; 2) өтініш беруші – Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыруын жүзеге асыруды жоспарлайтын жеке немесе заңды тұлға. 3. Жобаларды салалық сараптау орындылығын, техникалық мүмкіндігін, экономикалық тиімділігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, ғарыш қызметi саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады. 2. Жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібі 4. Жобаларға салалық сараптама жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай материалдарды қағаз тасығышта және электрондық тасығышта ұсынады: 1) байланыс деректері көрсетілген өтініш берушінің ілеспе хаты; 2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, осы құжаттардың көшірмелері; 3) ғарыш қызметі саласындағы жобаның негізгі бағыттарының сипаттамаларын қамтитын түсіндірме жазба; 4) техникалық тапсырма (бар болған кезде); 5) «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес әзірленген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстары және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері. 6) заңды тұлға үшін - жарғының және құрылтай шартының (оны алмастыратын құжаттың) нотариалды куәландырылған көшірмелері, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, осы құжаттардың көшірмелері. Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады. 5. Қайта салалық сараптама жүргізілген жағдайда, материалдарға бұрын берілген қорытындының көшірмесі қоса беріледі. 6. Жобаларға салалық сараптама жүргізуден бас тартуға өтініш берушінің Жобаларға салалық сараптама жүргізу үшін қажетті материалдар пакетін толық ұсынбау негіз болып табылады. 7. Жобаларға салалық сараптама жүргізуден бас тартқан кезде уәкілетті орган жоба бойынша материалды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді. 8. Жобаларға салалық сараптама уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жоба бойынша материалдар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. 9. Жобаларға салалық сараптама нәтижесі өтініш беруші ұсынған материалдарды жан-жақты талдауға және бағалауға негізделген, сондай-ақ бұйрықтың талаптарына сәйкес ресімделген қорытынды болып табылады. 10. Жобаларға салалық сараптама нәтижелері бойынша қорытындыға уәкілетті органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды. 11. Егер жобаларға салалық сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті орган жоюды талап ететін ескертулер берген жағдайда, өтініш беруші материалдарды пысықтайды және оларды қайта салалық сараптамаға ұсынады. 12. Бастапқы сараптама жүргiзiлген кезде анықтаған ғарыш қызметi саласындағы уәкілетті органның ескертулерi жойылғаннан кейiн жобаларға қайта салалық сараптама материалдар қайта сараптамаға ұсынылған сәттен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11397 болып енгізілді.